«Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық конкурсы

    2024 жылғы 14-16 мамыр аралығында Талдықорған қаласында поэт Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығына арналған «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауы өтті.

    Ілияс Жансүгіров атындағы байқауға еліміздің барлық өңірлерінен 8-11 сыныптардың 120 оқушысы қатысты. Байқау 5 бағытта өтті.

    Республикалық байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдары мен грамоталары табысталды.

    «Ілияс - эпик ақын» бағытында Қостанай облысының атынан Жангелдин ауданының Қ.Қайдосов атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Төреғұл Нұрасыл қатысты. Төреғұл Нұрасыл «Ілияс Жансүгіров оқулары» республикалық байқауында ІІІ орын алды.

    «Сұлу сөздің сүлейі» номинациясында Қостанай облысының атынан Рудный қаласының Б.Майлин атындағы № 7 мектеп-гиназия оқушысы Саркеева Маншук қатысып алғыс хатқа иеленді.

    Жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!