«IT саласындағы балалардың дарындылығын дамыту» атты республикалық дизайн-сессиясы
2022 жылғы 1-2 наурызда «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «IT саласындағы балалардың дарындылығын дамыту» дизайн-сессиясы өтті. Негізгі мақсаты - озық тәжірибемен алмасу, IT және бағдарламалау саласында оқушылардың дарындылығын дамыту бойынша педагогтердің кәсіби қызметін жетілдіру.
Жұмысқа Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстары мен Ақтөбе қаласының мамандандырылған мектептерінің информатика мұғалімдері қатысты.
«Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Рамазан Елеусизович Раисов инновациялық идеяларды педагогикалық қызметке енгізу бойынша информатика пәні мұғалімдері жұмысының маңыздылығын атап өтті.
Қарастырылып отырған мәселелер тәжірибеге бағытталған сипатта болды және қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Педагогтер оқушыларды роботты техникаға, жобалық іс-әрекеттерге тарту бойынша білімдері мен дағдыларын кеңейтті, жаңа білім беру онлайн платформаларымен танысты, автоматтандырылған тексеру жүйесін қолдану арқылы информатикадан олимпиадалар ұйымдастырды.
Мектепте жобалық қызметті жүзеге асыру мәселелері бойынша Ақмола облысы білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ педагогтері Ляйля Талгатовна Аханова, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ Айгерим Жомартовна Кусебаева, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің Бейімбет Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы» КММ Ерік Ниязбекұлы Серікбай сөз сөйледі.
Өзінің педагогикалық қызметінде қолданылатын қызықты білім беру онлайн платформаларымен Қарағанды облысы білім басқармасының «Озат» ақпараттық технологиялар мамандандырылған мектеп-интернаты» КММ мұғалімі Толеген Ануарбекович Жумабеков, М. Құсайынов атындағы Ақтөбе дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының мұғалімі Салтанат Маратовна Суюнтаева, Батыс Қазақстан облысы С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының мұғалімі Гульдана Кадирбековна Кудабаева таныстырды.
Тексерудің автоматтандырылған жүйесі арқылы информатика пәнінен олимпиаданы ұйымдастыру тәжірибесімен Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математика мектеп-интернатының мұғалімі Ержан Тұрсынбекұлы Домақов және Қостанай облысының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар интернатының мектеп-лицейінің мұғалімі Андрей Александрович Иващенко бөлісті.
Қатысушыларды Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің М.Қозыбаев атындағы №23 жалпы білім беретін мектебі» КММ педагогі Евгений Евгеньевич Касаткин ұсынған роботты техникалық конструкторлар қызықтырды.
Дизайн-сессия қатысушылары мектебінің инновациялық жобаларымен Қостанай облысының «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар интернатының мектеп-лицейі директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ирина Сергеевна Храмей таныстырды.
С. Сейфуллин атындағы дарынды балаларға арналған № 11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Бақаев Әлбек Талғатұлы, Қостанай облысының "Озат" Ақпараттық технологиялар интернатының мамандандырылған мектеп-лицейінің мұғалімі Ақнұр Ерболқызы Амербаева, Аскар Алпысбаевич Амербаев, Карина Ансагановна Нугуманова ұйымдастырған топтық жұмыс жобалық қызмет дағдыларын меңгерудің жоғары деңгейін көрсетті. Бірлескен қызметтің өнімді белсенділігі, өз пікірін талқылау, айту, топтық жұмыс барысында құрылған жобаны қорғау дизайн-сессияға қатысушыларға практикалық тапсырмаларды сапалы орындауға, білімдерінің қорын инновациялық әдістермен толықтыруға, кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіруге мүмкіндік берді.
2022 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасының мамандандырылған мектептерінің информатика мұғалімдері үшін спорттық бағдарламалау бойынша олимпиада жаңа форматта өткізілді.
Кездесу соңында дизайн-сессияның барлық қатысушыларының отырысы өтті, оның барысында осы іс-шараға қатысқаны үшін, тәжірибе алмасқаны үшін, жемісті еңбек үшін алғыс сөздерімен іс-шара барысында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының директоры Гульнара Кушкеновна Укина сөз сөйледі. Барлық қатысушыларға сертификат берілді, ал олимпиада жеңімпаздарына дипломдар табыс етілді, кері байланыс жүргізілді, бұл іс-шараның нәтижелі және жоғары деңгейде өткенін көрсетті.