2023 жылғы 31 қазанда Қостанай облысының педагогтері дарынды балалармен жұмыс бойынша 2 облыстық вебинар өткізді.
Вебинарларды Рудный қ. мен Денисов ауданының педагогтері өткізді. Педагогтердің әрқайсысы дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелерін өз бетінше ашуға тырысты.
Рудный қ. № 10 мектеп-гимназиясының ұстаздары өз вебинарларының тақырыбы ретінде «Дарынды және ынтасы жоғары балалармен жұмыс жүйесін» таңдады. Вебинар аясында қатысушылар мектепке бейнеэкскурс жасады, педагогтармен және оқушылармен танысты.
Мектеп ұстаздары «Балалар мен педагогтардың дарындылығын қалыптастыру менеджменті» (А.С. Мунтаева), «Тақырыпты дұрыс таңдау – ғылыми жобаның табыстылығының кепілі» (К.Ш. Есімова), «Заман ағымына ілесу. Оқушы өміріндегі тик-ток»(А.Д.Сандыбаева)сияқты тақырыптар бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Вебинар аясында алғаш рет онлайн режимінде мектеп оқушысынан сұхбат алынды. Штерц Андрей ғылыми жобалармен жұмыс істеуге қатысты сұрақтарға жауап берді.
Денисов ауданының Фрунзе жалпы білім беретін мектебінің ұжымы «Заманауи мектептің жалпы білім беру ортасындағы дарындылықты дамыту» тақырыбын таңдады. Семинардың модераторы директордың орынбасары А.С. Муханова болды. Мектеп педагогтары дарынды балалармен қазақ тілі мен әдебиеті (Дауренбекова К.Р.), физика (Баимбаев Ж.Б.), орыс тілі мен әдебиеті (Подрыга В.Г.), тарих (Капышева Г.С.) сабақтарында жұмыс істеу әдістері мен түрлері туралы әңгімеледі. Бастауыш сынып мұғалімдері (Григоренко Л.А., Шунукова А.М.) оқушылардың қабілеттерін дамыту үшін қолданылатын мнемотехника әдістері туралы, ал информатика пәнінің мұғалімі Бессингер Н.А. – робототехника сабақтарында балалардың дарындылығын дамыту туралы айтты. Мектепте дарынды балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау мәселесі арнайы қаралды (Шефер Т.А.).
Вебинарларға Қостанай облысының 12 өңірінен 37 білім беру ұйымының 132 педагогы қатысты. Вебинарлардың бейнежазбасы«Қостанай дарыны»ӨОӘО арнасында мына сілтеме арқылы қолжетімді: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.