«Функционалдық сауаттылық – заманауи көзқарас» облыстық вебинар
2023 жылдың 27 ақпанында «Функционалдық сауаттылық – заманауи көзқарас» тақырыбында облыстық вебинар өтті. Вебинардың бастамашылары Жангелдин ауданы Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогтары болды.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру – білім беру процесінің негізі. Осыған байланысты өскелең ұрпаққа нақты мысалдармен сапалы білімнің маңызы зор екенін көрсете алды. Мектептегіфункционалдықсауаттылықтыңдамуы барлық мұғалімдердіңсөз сөйлеулерінде айтылды.
Вебинар жұмысына директордың орынбасары М.К. Ахатова, география пәнінің мұғалімі А.Н.Мырзағалиева, бастауыш сынып мұғалімі Г.А. Абилова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Ж.Қалиева қатысты.
Функционалдықсауаттылықты дамыту мақсатында мектеп мұғалімдері оқушыларға әртүрлі тапсырмалар бере отырып, күн сайын өз сабақтарының 7-10 минутын арнайды. Бұл білім алушыларды стандартты емес өміргедайындауға мүмкіндік береді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру, білім берудің жаңартылған мазмұнына сәйкес келетін тәсілдерді сабақтарда тиімді пайдалану баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өзін-өзі тәрбиелеуге, шеберлікті дамытуға, шығармашылық әлеуетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Мектеп мұғалімдеріөткізетін барлық сабақтар мен сабақтантыс іс-шаралар өмірмен байланысты болуы керек. Мектеп мұғалімдері сабақтарды әзірлеу кезінде осы мәселелерге назар аударады. Осылайша, балаларға шындықты жақсы түсінуге көмектесетін «өмірге байланысты» тапсырмалар жасалады.
Вебинар жұмысына Қостанай облысы білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Вебинардың бейнежазбасын орталықтың арнасынан қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.