«Qabilet» қызметі Лисаков қаласының 8-11 жас аралығындағы балалар қабілетінің диагностикасын өткізді

Дата:
14.02.2024

«Qabilet» қызметін жүзеге асыру мақсатында 2024 жылдың 13 ақпанында Лисаков қаласының 8-11 жас аралығындағы балаларының қабілеттерін диагностикалау ұйымдастырылды. Диагностиканың 1 кезеңіне «Лисаков қаласы білім бөлімінің №1 жалпы білім беретін мектебі» КММ, «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-гимназиясы» КММ, «Лисаков қаласы білім бөлімінің мектеп-лицейі» КММ, «Лисаков қаласы білім бөлімінің №6 жалпы білім беретін мектебі» КММ мен «Лисаков қаласы білім бөлімінің Абай атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ - нен 193 оқушы қатысты, оның ішінде 9 оқушы диагностиканың 2 кезеңіне өтті. 2024 жылы Лисаков қаласында 8-11 жас аралығындағы 564 бала «Qabilet» платформасында диагностикадан өтті.

«Qabilet» қызметі оқушылардың әрі қарай білім алуы мен кәсіби дамуы үшін қабілеттілік тестілеуін және кеңес беруді қамтиды.

8-11 жас аралығындағы балаларға арналған тестілеу https://qabilet.elumiti.kz/  сілтемесі арқылы қолжетімді. Байланыс орталығының нөмірі 8 727 310 02 58 (қоңырау шалу тегін).

Оставить комментарий