«Qabilet» қызметі Бейімбет Майлин ауданымектептерінің психологтарынасеминар өткізді

    2022 жылғы 10 қарашада «Qabilet» қызметінің қызметкерлері Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы мен Жұмабаева Динара Амандыққызы Бейімбет Майлин  ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына «Qabilet» қызметінің диагностикалау платформасымен және әдістемелерімен жұмыс істеуді түсіндіру бойынша семинар өткізді.

    22 педагог-психолог 7-11 жастағы балалардың қабілеттеріне диагностика өткізудің техникалық бөлігі ұсыныстарымен танысты, тестілеуде ұсынылған әдістемелерді және 10-11 жастағы балаларға арналған психологиялық жаттығуларды, 4К шеңберінде даму қабілеттерін зерделеді.