5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» Республикалық қашықтық олимпиадасының 1 туры

     

      

    «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2006 жылдан бастап оқушылардың Қазақстан тарихына деген қызығушылығын арттыру, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын және алған білімдерін пайдалану, іскерлік қабілеттерін қалыптастыру және патриоттық сезімдерін жетілдіру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.

    Олимпиада жыл сайын екі турда өткізіледі: 1 тур - қашықтан, он-лайн режимінде www.daryn.kz сайтында; 2 тур - қорытынды, Қазақстанның тарихи жеріндегі оф-лайн режимінде.

    Олимпиаданың 1 қашықтық кезеңі 2021 жылдың 17 наурызында өтті.

    Олимпиаданың 1 кезеңіне республиканың барлық өңірлерінен 5-9 сыныптардан 28 635 оқушы қатысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша қатысушылардың жалпы санының 35% марапатталды және 9 890 оқушы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Оның ішінде:

    54-60 балл - 2314 оқушы I дәрежелі дипломға ие болды;

    49-53 балмен - 3077 оқушы II дәрежелі дипломға ие болды;

    43-48 балмен - 4499 оқушы III дәрежелі дипломға ие болды.

    Қостанай облысының білім беру ұйымдарының оқушылары арасында өткен олимпиадаға 1 турға 1356 адам қатысып, оның 689-ы жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздар арасында 258 оқушы І дәрежелі, 178 оқушы ІІ дәрежелі, 253 оқушы ІІІ дәрежелі диплом алады.

    Сайтта жеткілікті балл жинаған қатысушылар www.daryn.kz жүлделі орынды растайтын диплом мен олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттарды жүктей алады.

    Барлық тілек білдірушілер олимпиадаға ерікті түрде тегін қатысып, ойлау қабілетін дамыта отырып, өз білімдерін тереңдете білді, өз білім деңгейін бағалай алды, сондай-ақ әрбір қатысушы қателермен өз бетінше жұмыс істеуге мүмкіндік алды.

    2 кезеңді өткізу алдында 1 орын алған оқушылар арасында іріктеу туры өткізіледі.