А. Бектуров атындағы химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасының қорытындысы
2020 жылғы 24 және 26 ақпан аралығында Павлодар қаласында А. Бектуров атындағы химия пәні бойынша халықаралық олимпиадасы өтті.
Елдің түкпір-түкпірінен келген оқушылар екі күн бойы химия бойынша есептер шешіп, практикалық тапсырмаларды орындады.
Қостанай облысынан дарынды балаларға арналған Білім Инновация лицей-интернатының 3 оқушысы қатысты: Қали Асанәлі, Андрей Паршиков (8 сынып) және Нұрым Әлібеков (11 сынып).
Балалар біздің облысты лайықты көрсетті. Барлық қатысушылар жүлделі орындарға: Андрей Паршиков - ІІ орынға, Қали Асанәлі және Әлібеков Нұрым - ІІІ орынға ие болды.
Балалар мен олардың жаттықтырушысы Сұлтан Құрманғалиұлы Ахметовты жоғары нәтижелермен құттықтаймыз!!!