«Комикс» облыстық сырттай конкурсы

    «Комикс» облыстық сырттай конкурсының қорытындысы шығарылды.

    Аталған іс-шараға облыстың 9 аймағынан (Алтынсарин, Әулиекөл, Бейімбет Майлин, Ұзынкөл, Федоров, Сарыкөл аудандары, Қостанай, Рудный, Лисаков қалалары) 5-6 сыныптарының 13 оқушысы қатысты.

    Конкурстық жұмыстары ұсынылған материалды ресімдеуге қойылатын талаптарды қамтитын Ереже критерийлері бойынша бағаланды. Барлық қатысушылар сертификаттар алады, ал жүлдегерлер дипломдармен марапатталады. Балалары конкурстың жеңімпазы болған мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталады.

    Конкурс жеңімпаздары:

    1 орын – Айжан Бакитова (Алтынсарин ауданы, Сатай негізгі мектебі, 6 сынып);

    2 орын - Смаковая Яна (Лисаков қ., № 6 орта мектебі,5 сынып);

    3 орын – Хатунцев Валера (Ұзынкөл ауданы, Арзамас орта мектебі, 5 сынып);

    3 орын – Сарсембаева Сэлия (Қостанай қ., № 19 орта мектебі, 6 сынып).

    Жеңімпаздар мен мұғалімдерді құттықтаймыз! Алдағы уақытта табыстар мен жеңістер тілейміз!