Экономикадан республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңі

    2024 жылғы 6 наурызда Қостанай қаласының физика-математикалық лицейі базасында Экономикадан республикалық олимпиаданың бастапқы кезеңі өтті.

    Олимпиада Экономикадан халықаралық олимпиадаға іріктеу мақсатында алғаш рет өткізіліп отыр. Бастапқы кезең экономика бойынша ағылшын тіліндегі тест сұрақтарын қамтыды. Кезеңге Қостанай облысының жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептерінің 72 оқушысы қатысты.

    Кезең қорытындысы бойынша мүмкін болатын ең жоғары балл – 50 балл. 50-ден 36 баллды Қостанай қаласының М. Хәкімжанова атындағы № 20 жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Айтмағанбет Нұрасыл жинады.

    Бастапқы кезеңнің қорытындысы бойынша облыстық кезеңге қатысатын оқушылар іріктеледі. Ол а.ж. 5 сәуірде өтеді.

    Олимпиаданың 1 кезеңі қорытынды хаттамасы: https://drive.google.com/file/d/1bfSvzOnxIDEcltwg7WFx7F3zLuDjbvvb/view