«Qabilet» қызметінің Рудный қаласына шығуы
2023 жылғы 21 ақпанда «Қостанай дарыны»ӨОӘО әдіскерлері Ақанбаев Бағлан Нұрланұлы және Жұмабаева Динара Амандыққызы Рудный қаласының № 4 мектеп-лицейінің базасында Рудный қаласының білім беру ұйымдарының мектеп психологтарына арналған «Qabilet» қызметінің диагностикалау әдістемелері мен платформасымен жұмысты түсіндіру бойынша семинар өткізді.
27 педагог-психолог «Qabilet» көмегімен 7-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың техникалық бөлігінұсқаулығымен танысып, тестілеу түрінде ұсынылған авторлық әдістемелерді зерделеді.
Сыни ойлауды, зейінді, есте сақтауды және коммуникативтік дағдыларды дамыту мақсатында № 4 мектеп-лицейінде «QABILET» диагностикасының I кезеңінен өткен 10-11 жастағы 17 оқушыға дамытупсихологиялық сабағы өткізілді. Сабақ сыни ойлауды дамытуға, қабылдауды кеңейтуге, семантикалық есте сақтау мен зейінді дамытуға бағытталған әдістерге толы болды.