Қазақ тілінен 8 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    Ұлтымыздың ұлт ұстазы, ғалым, ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толуына және Қазақстан халықтарының Тілдері күніне орай ауылдық жерлерде тұратын орыс тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 8 сынып оқушыларына арналған қазақ тілінен облыстық қашықтық олимпиадасы өткізілді.

    Олимпиадаға 374 оқушы қатысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орындарға ие болған 103 оқушы: I орын – 12 оқушы, II орын – 33 қатысушы, III орын - 58 қатысушы. 271 оқушы сертификаттармен атап өтілді.

    Қарасу (44), Қостанай (42), Сарыкөл (39) аудандарының оқушылары белсенді қатысты.

    Жітіқара, Қамысты, Қостанай, Ұзынкөл, Сарыкөл аудандарынан жеңімпаздар көп болды.

    Қазақ тілі бойынша қашықтық олимпиада үшінші жыл өткізіліп, 952 қатысушыны қамтыды.

    Дипломдар мен сертификаттар 2022 жылдың 1 қазанында мына сілтеме бойынша жүктеуге қолжетімді болады: https://drive.google.com/drive/folders/1B-VbK_SJyK-vZu1Z6PPxUXkijR6egQlr?usp=sharing

            

    Құттықтаймыз!

     

     

    ИТОГИ