Облыс оқушылары мен педагогтеріне арналған облыстық вебинарлары
Ағымдағы жылдың 17 және 19 қарашасында дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының педагогтері облыс педагогтері үшін вебинарлар өткізді.
17 қарашада «Оқу үдерісінде профасилитация және ойлау дизайн элементтерін қолдану» атты мастер-класс өтті. Мастер-класс сабағын «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының мұғалімдері Ж.С. Төлеміс, А. Б. Есқатова өткізді.
Вебинар облыс мектептерінің педагогтеріне арналған болатын. Вебинар барысында модераторлар STEAM және ТРИЗ технологиясы ұғымын және оларды сабақта қалай қолдануға болатындығын ашты. Қатысушыларды топтарға бөліп, олардың әрқайсысы осы білім беру технологияларын қолдануға болатын жағдайларды модельдеу және әзірлеу бойынша тапсырма алды.
19 қарашада облыс психологтері үшін екінші сабақ өтті. Оны дарынды балалардың «Білім-Инновация» лицей-интернатының психологі С.П. Перзентбаева өткізді. Вебинар аясында әлеуметтік желілерді талдау, олардың жасөспірімдерге әсері жалғасып, дарынды балалармен жұмыс түрлері ұсынылды.
Бейне вебинарын «Қостанай дарыны» ӨҒТО арнасынан көруге болады.