Қостанай облысының үздік олимпиадашыларының шеруі
22 маусымнан бастап «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Үздік олимпиадашылар шеруін» бастайды.
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс істеген жылдары Қостанай облысының жалпы білім беретін және мамандандырылған Білім беру ұйымдарының 800-ге жуық оқушысы республикалық және халықаралық деңгейдегі олимпиадалар мен жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері болды.
Біздің орталық облысымыздың дарынды оқушыларын дайындау мен ілгерілетуге өз үлесін қосатыны қуантады.
Осы жылдар ішінде алған көптеген марапаттар біздің облыста ғана емес, жалпы елімізде де салмақты болды.
М.Горький атындағы гимназиясының түлегі Диана Мурзагалиева, Халықаралық Лингвистикалық олимпиадада ІІІ орын алып, Қазақстан үшін алғашқы медаль әкелді. Ал Лисаков қаласының №3 орта мектебінің түлегі Данат Нұрмағамбет география пәнінен беделді халықаралық олимпиадада біздің еліміз үшін алғашқы қола медальға ие болды.
Көптеген олимпиадашылардың есімдері Қостанай облысының тарихына маңызды зияткерлік жарыстардың жеңімпаздары ретінде кірді: Советов Канат, Ахменов Темирлан, Абдукадыров Нурлан, Шилов Петр, Копжасар Аль-Фараби, Зальцман Кристина, Зальцман Денис, Юртаев Никита және т.б.
Екі жыл қатарынан Қостанай облысының олимпиадашылары «Жас өркен» Республикалық сыйлығының иегерлері болып атанды. Биылғы жылы ғылыммен белсенді айналысатын 4 оқушы сыйлық иегері атанды: Кали Әсанәлі, Князев Артем, Мусина Аружан, Жумаделов Алишер.
Күн сайын біз Instagram (kostdaryn.edu.kz) және Фейсбук (Костанай Дарыны) аккаунттарымызда сізді облыстың ең жарқын жұлдыздарымен таныстыратын боламыз.