Мектеп психологтары үшін «Qabilet қызметі» семинарын өткізу туралы ақпарат

    «Qabilet» қызметінің қызметкерлері мектеп психологтарына семинар өткізді. «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, сондай-ақ «Ел үміті» бастамасының «Qabilet қызметі» жобасын тиімді іске асыру мақсатында 2022 жылғы 4 мамырда Қостанай ауданының білім беру ұйымдарының мектеп психологтары үшін «Qabilet» қызметі платформасымен және диагностикалау әдістемелерімен жұмысты түсіндіру бойынша семинар өтті.

    19 педагог-психолог «Qabilet» 10-11 жастағы балалардың қабілеттерін диагностикалаудың техникалық ұсынымдарымен танысты, тестілеуде ұсынылған авторлық әдістемелерді зерттеді. Жалпы, 4600-ден астам оқушы диагностикадан өтіп, 4К қабілеттерін дамыту туралы ұсынымдар алды.