География пәнінен қашықтық олимпиаданың қорытындысы
2021 жылдың 11-12 қазанында 7-10 сынып оқушыларына арналған географиядан облыстық қашықтық олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға облыстың барлық өңірлерінен 2 917 оқушы қатысты, оның ішінде ауыл мектептерінен – 1612 қатысушы (немесе 55,3 %). Ең белсенді өңір Қостанай қаласы (565 оқушы), Рудный қаласы (308 оқушы) және Арқалық қаласы (261 оқушы) атанды. Оқушылар арасында ең белсендісі 7-сынып оқушылары болды - 943 қатысушы.
Олимпиаданың жүлдегерлері 360 оқушы атанды, олардың 55 – і 1 орын, 147 - і екінші және 158-і үшінші орын алды. Өңірлер арасында Ұзынкөл және Қостанай аудандарының оқушылары жоғары нәтиже көрсетті (тиісінше 25,5 және 19,3%).
Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдары дайындалады.