«Өзін-өзі тану» бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі

    Ақпан айында «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиадасының кезеңдері өтуде: 20 ақпанда аудандық/қалалық кезеңдер, ал 26 ақпанда – облыстық кезеңі өтті.

    Аталған олимпиада құндылық бағдарларын қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге ұмтылысты ынталандыру, жеке қасиеттерді, азаматтық ұстанымды көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу арқылы балалар мен жасөспірімдерге адамгершілік-рухани білім беру мақсатында өткізіледі.

    Олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңдеріне Қостанай облысының 224 білім беру ұйымынан 520 оқушы қатысты. Осы кезеңде 9-11 сынып оқушылары ұсынылған тақырыптар бойынша эссе жазып, бірнеше жағдайдың шешімін ұсынды.

    235 оқушы олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңдерінің жүлдегерлері болып атанды, оның ішінде 82 - І орын, 76 – ІІ орын және 77 - ІІІ орынға ие болды.

    106 оқушы олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға ұсынылды, Қостанай облысының 12 өңірінің 43 облыс мектептері мен 2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымынан 76 оқушы қатысты.

    Облыстық кезең тапсырмалары тестілеу мен берілген тақырыпқа сөз сөйлеуден тұрды.

    Олимпиаданың облыстық кезеңінің қазылар алқасының құрамына Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының оқытушылары, «Өрлеу» АҚ Қостанай облысы бойынша педагогтардық біліктілігін арттыру институтының өзін-өзі тану бойынша жаттықтырушысы, Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдістемелік кабинетінің қызметкерлері, «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының әдіскерлері кірді.

    Олимпиада жүлдегерлері 31 оқушы атанды, оның ішінде 6 – І орынға, 9 – ІІ орынға және 16 - ІІІ орынға ие болды.

     

    • 9-сыныптар арасындағы жүлдегерлер:

    Қатысушының Т.А.

    Мектеп

    Өңір

    Орын

    1

    Куатова Дарига

    Б. Майлин ат. №7 мектеп-гимназиясы

    Рудный қ.

    І

    2

    Досназаров Миржан

    Дарынды балаларға арналған БИЛ

    Қостанай қ.

    І

    3

    Умуртаев Санжар

    Краснооктябрь орта мектебі  

    Қамысты ауданы

    ІІ

    4

    Чимпояш Дмитрий

    Мектеп-гимназия

    Лисаков қ.

    ІІ

    5

    Сарибаева Нурсила

    №19 орта мектебі

    Рудный қ.

    ІІ

    6

    Райляну Дарья

    №1 Ұзынкөл орта мектебі

    Ұзынкөл ауданы

    ІІІ

    7

    Остроух Берик

    Димитров ат. №1  орта мектебі

    Федоров ауданы

    ІІІ

    8

    Амангалиева Диана

    №2  орта мектебі

    Арқалық қ.

    ІІІ

    9

    Айдынқызы Нұрай

    Родин  орта мектебі

    Арқалық қ.

    ІІІ

    10

    Жантасов Дулат

    Дарынды балаларға арналған БИЛ

    Қостанай қ.

    ІІІ

     

    • 10-сыныптар арасындағы жүлдегерлер:

    Қатысушының Т.А.

    Мектеп

    Өңір

    Орын

    1

    Юшкевич Светлана

    А.Чутаев ат.Боровской мектеп-гимназия

    Меңдіқара ауданы

    І

    2

    Лазенюк Алина

    Арзамас  орта мектебі

    Ұзынкөл ауданы

    І

    3

    Ким Татьяна

    Мичурин  орта мектебі

    Қостанай ауданы

    ІІ

    4

    Имангалиева Жанель

    Докучаев  орта мектебі

    Наурзум ауданы

    ІІ

    5

    Дедик Валерия

    Урицкий мектеп-лицейі

    Сарыкөл ауданы

    ІІ

    6

    Мухаметжанова Жулдыз

    Октябрь  орта мектебі

    Лисаков қ.

    ІІІ

    7

    Жексембаева Дарига

    Шолақсай  орта мектебі

    Наурзум ауданы

    ІІІ

    8

    Султыгова Хава

    №1 Ұзынкөл орта мектебі

    Ұзынкөл ауданы

    ІІІ

    9

    Зайтинова Мадина

    Маметова ат. №4 орта мектебі

    Федоров  ауданы

    ІІІ

    10

    Доброжан Нина

    Маметова ат. №4 орта мектебі

    Федоров  ауданы

    ІІІ

    11

    Жанахметов Бекжан 

    Дарынды балаларға арналған БИЛ

    Қостанай қ.

    ІІІ

     

    • 11-сыныптар арасындағы жүлдегерлер:

    Ф.И. участника

    Школа

    регион

    Место

    1

    Брилев Никита

    Дм.Карбышев ат. №14 орта мектебі

    Рудный қ.

    І

    2

    Кокорин Артур

    Дарынды балаларға арналған БИЛ

    Қостанай қ.

    І

    3

    Шах Алина

    Амангелді орта мектебі

    Қарасу ауданы

    ІІ

    4

    Кадралинова Зарина

    Мичурин  орта мектебі

    Қостанай ауданы

    ІІ

    5

    Бузуртанова Аза

    17 орта мектебі

    Қостанай қ.

    ІІ

    6

    Бақбергенов Ескендір

    Челгаши орта мектебі

    Қарасу ауданы

    ІІІ

    7

    Мурзабекова Айнур

    Тобыл қ. №2 орта мектебі

    Қостанай ауданы

    ІІІ

    8

    Ясько Елена

    №1 Ұзынкөл орта мектебі

    Ұзынкөл ауданы

    ІІІ

    9

    Рахимжанов Руслан

    Маметова ат. №4 орта мектебі

    Федоров  ауданы

    ІІІ

    10

    Аташева Алина

    Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты

    Қостанай қ.

    ІІІ

     

    Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша біздің облысымызды республикалық «Өзін-өзі тану» олимпиадасында ұсынатын 10-11 сыныптардың 4 оқушысы анықталды. Бұл олимпиада Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалармен бірге ағымдағы жылдың 1-5 сәуір аралығында Талдықорған қаласында өтеді.