2-4 сынып оқушыларына арналған «Funny English» ағылшын тілінен қашықтық олимпиадасының қорытындысы

     

      

     

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 18-19 қазанында 2-4 сынып оқушылары үшін ағылшын тілінен «Funny English» атты қашықтық олимпиадасы өтті.

    Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың ағылшын тілін үйренуге деген ынтасын арттыру, дарынды оқушыларды анықтау және көтермелеу, оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамыту, шет тілін меңгеру деңгейін арттыру.

    Олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 5 107 оқушы қатысты. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай (1172 қатысушы), Рудный (520 қатысушы) және Әулиекөл ауданының (437 қатысушы) оқушылары атанды.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша 712 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 122-і - 1 орын, 268-і - екінші және 322-і үшінші орын алды. Бұл олимпиадада Федоров (21,7% сапасы), Меңдіқара және Қостанай аудандарының (20,7 және 20,3%) бастауыш мектеп оқушылары сапалы өнер көрсетті.

    Барлық жүлдегерлер «Қостанай дарыны» ӨҒПО дипломдарымен марапатталды, қатысушыларға сертификат берілді.

     

    ИТОГИ