«Жас Өркен» республикалық сыйлығын тапсыру рәсімі

    2020 жылдың 30 қазанында он-лайн режимінде «Жас Өркен» республикалық сыйлығының жеңімпаздары мен лауреаттарына марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық екінші рет өткізілуде, ал қостанайлық балалар екінші рет осы жүлденің жеңімпазы атанады.

    «Жас Өркен» республикалық сыйлығын 2019 жылы «Жылдың Халық сүйіктісі» Қазақстандық ұлттық сыйлығы аясында «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры тағайындады және ол қазақстандық қоғамдастықтың назарында болған балалар мен балалар ұйымдарына танымалдылығы мен құзыреттілігі үшін беріледі. Сыйлықтың мақсаты - балалар шығармашылығын дамытуға бағытталған дарынды балалар мен әлеуметтік бастамаларды қолдау.

    Конкурс 3 кезеңде, ал  дауыс беру 14 номинация бойынша өтті.

    Дауыс берудің 1 турының қорытындысы бойынша Қостанай облысын танытуға 19 оқушы сыйлықтың 13 номинациясына ұсынылды және сыйлық үшін күресті жалғастырды.

    Дауыс берудің 2 турының қорытындысы бойынша 8 номинация бойынша 9 оқушы анықталып, оларды сыйлық ұйымдастырушылары атап өтті: 5 гран-при иегері (дауыс беру қорытындысы бойынша 1 орын) және 4 лауреат (дауыс беру қорытындысы бойынша 2 орын):

    номинация

    Қатысушының Т.А

    % дауыс

    орын

    1

    IT идеясының үздігі

    Жумаделов Алишер («Озат» МАТМЛИ)

    48,5 %

    гран-при

    2

    Жас оратор, дебатер

    Князев Артем (Қостанай қ),

    46,1 %

    гран-при

    3

    Жас эколог

    Мусина Аружан («Озат» МАТМЛИ)

    49,1 %

    гран-при

    4

    Жас патриот

    Рябец Иван (Қарабалық ауданы)

    58 %

    гран-при

    5

    Жас спортсмен

    Тлеуберген Тансулу (Рудный қ)

    41,3 %

    гран-при

    6

    Жас суретші

    Утевова Дана (Қостанай қ)

    27,7 %

    лауреат

    7

    Жас оратор, дебатер

    Батыркаир Диас («Озат» МАТМЛИ)

    40,8 %

    лауреат

    8

    Жас актер

    Сарьян София (Әулиекөл ауданы)

    38,12 %

    лауреат

    9

    Жас зерттеуші

    Кали Асанали (Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернат)

    47,7 %

    лауреат

    Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, мүсіншелермен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылар атынан марапатты Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының басшысы Зәуре Әнуарбекқызы Байменова және аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы Екатерина Васильевна Смышляева табыс етті.

    Арнадан көруге болатын тікелей эфирде https: //youtube.com/   сыйлықтың жеңімпаздары мен лауреаттары қоғам қайраткерлері мен облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқарма басшыларының қолынан өз марапаттарын алды.