«Абайтану» курсынан онлайн сабақ

    2020 жылғы 29 сәуір күні «Абайтану» курсының бірінші онлайн сабағы өтті. Сабақтар мемлекеттік тілде оқытатын білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушыларына, сондай-ақ педагогтерге арналған.

    Бірінші сабақтың спикері - Жумаш Советовна Булекбаева, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

    Аталған курс биылғы жылы мерейтойы тойланатын Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын зерделеуге арналған.

    «Қара сөздер» - Абай шығармашылығында аса маңызды шығармаларының бірі. Жинаққа ақынның 1890-1898 жж. жазылған 45 қара сөзі кіреді. Жинақ алғаш рет 1948 жылы Семей қаласында жарық көрді. «Қара сөздер...» орыс, қытай, француз және басқа да тілдерге аударылған.

    Педагог «Қара сөздер» тақырыбына тоқталды, кейбір сөздерге талдау жасалды. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының білім алушылары Абайдың «Қара сөздерін» оқыды. Сонымен қатар, оқушыларға «Қара сөздермен» жұмысы бойынша тапсырмалар ұсынылды.

    Сабаққа Қостанай, Арқалық, Лисаков қалаларынан, Қарабалық ауданынан және Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатынан 27 оқушы мен педагог қосылды.

    Келесі сабақ а.ж. 13 мамырында өтеді.