«Абайтану» курсынан онлайн сабақ

    2020 жылғы 13 мамыр күні «Абайтану» курсынанекінші онлайн сабақ өтті. Сабақтар мемлекеттік тілде оқытатын білім беру ұйымдарының 10 сынып оқушыларына, сондай-ақ педагогтерге арналған.

    Сабақтың спикері - Жумаш Советовна Булекбаева, Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі.

    Аталған курс Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын зерделеуге арналған. Екінші сабақта педагог Абайдың «Қара сөздерін» талдауды жалғастырды.

    Педагог кейбір сөздерге талдау жасауға тоқталды. Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының білім алушылары Абайдың «Қара сөздерін» оқыды.Сонымен қатар, оқушыларға «Қара сөздермен» жұмысы бойынша тапсырмалар ұсынылды.

    Сабаққа Қостанай, Арқалық, Лисаков қалаларынан, Қамысты, Қарабалық, Қарасу, Науырзым, Федоров, Б. Майлин аудандарынан және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатынан 37 оқушы мен педагог қосылды.