Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 11-12 қаңтар күндері Қаскелең қаласында «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсын өткізді.
Фестивальдің мақсаты – педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру. Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Бес бағытта ұйымдастырылған Фестивальға еліміздің барлық өңірлерінен директорлар, директордың орынбасарлары, педагогтер, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка қызметкерлері, қосымша білім беру педагогтері, сынып жетекшілер, психологтар, логопедтер, дарынды балалармен жұмыс жасайтын өңірлік орталықтардың әдіскерлері қатысты.
Педагогтар білім беру процесінің сапасын жақсартуға және жоғарылатуға бағытталған инновациялық идеяларды ұсынды. Әрбір қатысушы өзінің әдістемелік қоржынын жаңа тиімді әдістермен, инновациялық идеялармен, шығармашылық жобалармен толықтырды.
Қазылар алқасының шешімімен Фестивальдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II, III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды.
Қостанай облысынан облыстық кезеңнің 11 жеңімпаз педагогы қатысты, 5 қатысушы жүлделі орындарға ие болды және 5 педагогикалық идея авторлары дипломдармен марапатталды.
«Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының І орын жеңімпаздары – Қарасу ауданы білім бөлімінің Ключевой жалпы білім беретін мектебінің биология пәнінің мұғалімі Максим Сергеевич Тарасов («Биология пәні сабақтарында 3D-технологияларды пайдалану тиімділігі») және Лисаков қаласы білім бөлімінің «Мұрагер» бөбекжайының логопед-мұғалімі Ирина Анатольевна Кузьмина («Балалардың сөйлеуін түзету үшін инновациялық технология ретіндегі балалармен мультипликациялық қызмет»).
II дәрежелі дипломмен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ермағанбетова Ақбота Жаналыққызының «Қазақ әдебиеті сабағында көркем шығарманы «SBF THE TEXT» тәжірибесімен оқыту арқылы оқушылардың функционалдық оқу сауаттылығын дамыту» жұмысы (Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі), III дәрежелі дипломдармен Қостанай ауданы білім бөлімінің Нұржан Наушабаев атындағы мектеп-гимназия директорының орынбасары Рахимова Гаухар Оразалыевнаның «Сырғалым» клубтары (Әже, ана, жеңге мектептері)» және физика пәнінің мұғалімі Шиукашвили Кристина Александровнаның «Физика пәні сабақтарында әр баланың толық дамуы мен табысты оқуы үшін қолайлы жағдай жасау тәсілі ретіндегі геймификация» (Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 жалпы білім беретін мектебі) марапатталды.
Сондай-ақ, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен математика пәнінің мұғалімі Альмагамбетова Зибагуль
Агайдаровна (Қостанай ауданы білім бөлімінің Мичурин жалпы білім беретін мектебі), тарих пәнінің мұғалімі Қайрғали Нұрымжан Қайратұлы («Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты), география пәнінің мұғалімі Макубаева Данута Михайловна (Ұзынкөл ауданы білім бөлімінің Троебрат жалпы білім беретін мектебі), география пәнінің мұғалімі Травкина Марина Валерьевна (Қостанай ауданы білім бөлімінің Тобыл қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебі), орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Энна Инна Александровна (Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 жалпы білім беретін мектебі) марапатталды.
Байқауды ұйымдастырғаны үшін «ДАРЫН» РҒПО-на алғыс білдіреміз және барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Шығармашылық табыстар тілейміз!