Жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиадасының өңірлік кезеңі
2022 жылғы 12 қазанда жаратылыстану-математика циклі пәндері бойынша XIV Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Ережеге сәйкес олимпиадаға бұрын Республикалық олимпиадаға қатыспаған 11 сынып оқушылары қатысты.
Олимпиада жаратылыстану-математика циклінің 4 пәні бойынша өткізілді: математика, физика, химия және биология. Үйреншікті тапсырмалардың орнына олимпиада қатысушылары тест тапсырмаларын (бір және одан да көп жауаптары бар бір тапсырманы шешу) шешуі керек болды. Олимпиаданың осы кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары ықтимал балл – 100 балл (әр пән бойынша 25 балл).
Өңірлік кезеңге облыстың білім беру ұйымдарынан 92 оқушы қатысты. Олимпиада дәстүрлі форматта А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің педагогикалық институты базасында өтті.
Кезең қорытындысы бойынша 27 қазанда өтетін қашықтық кезеңге қатысу үшін ең жоғары балл жинаған 20 оқушы іріктелді.