«Ғылыми сайыстарға дайындық: мотивация, теория, практика» облыстық семинар-практикумы
2020 жылғы 5 наурызда Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы базасында Қазақстан тарихы және география пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Ғылыми сайыстарға дайындық: мотивация, теория, практика» тақырыбына семинар-практикумы өтті.
Семинарды А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің оқытушылар құрамы: тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан тарихы мен философия кафедрасының докторы Айбек Батырханович Шалгимбеков, педагогика ғылымдарының кандидаты, ғылым және жоғары білімнен кейінгі білім басқармасының бас маманы Шалгимбекова Кенжегуль Сапышевна және тарих магистрі, докторант Нурушева Гульмира Келдыбаевна жүргізді. Оқытушылар тыңдаушылар назарына «Оқушылардың ғылыми жұмыстары, олимпиадаларға дайындығы мен тәжірибе мен мәселелер», «Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар: ғылыми негіздері және практикасы» тақырыптарын ұсынды.
Практикалық бөлігінде ғылыми жобалар мен зерттеу жұмыстарының республикалық және облыстық конкурстарының жүлдегерлері: Қостанай ауданы мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің 11 сынып оқушысы Арманқызы Аружан және Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы Шайсултанова Аяулым сөз сөйледі.
Оқушылардың жетекшілері: тарих ғылымдарының кандидаты, Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры Эльмира Кенжегалиевна Наурызбаева және «Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ тарих мұғалімі Еркебулан Бакытович Нурфаилов өздерінің ғылыми сайыстарға дайындығы бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қатысушыларына «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттары берілді.