Counter-Strike: Global Offensive киберспорттық пәнінен облыстық жарыстардың қорытындысы

     

      

     

    2021 жылғы 2-4 қараша аралығында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатында Counter-Strike: Global Offensive киберспорттық пәнінен облыстық жарыстардың үшінші маусым ойыны өтті.

    Жарысты өткізудің мақсаты Қазақстан Республикасында киберспортты ресми спорт түрі ретінде танымал ету, Қазақстан Республикасының киберспорттық әлеуетін одан әрі дамыту үшін ең мықты оқушы-киберспортшыларды анықтау болып табылады.

    Киберспорт - әлемде белсенді дамып келе жатқан технология, ол Еуропада, Америкада, Ресейде және Қазақстанды қоса алғанда, басқа елдерде танымалдылыққа ие болды. 2018 жылдың 25 маусымынан бастап киберспорт Қазақстанда ресми спорт түрі болып танылды.

    Жарысқа облыстың 9 ауданынан 14 команда: 95 адам, оның ішінде - 81 қатысушы және 14 басшы қатысты.

    Салтанатты ашылу рәсімінде «Қостанай дарыны» ғылыми-практикалық орталығы директорының орынбасары Ермек Хамзатович Данкенов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жылы лебізін білдірді. Салтанатты рәсім қатысушыларының турнир ережесімен бәрін білгіш робот Ай таныстырды.

    Турнир мектептің бірнеше кабинеттерінде өтті, жанкүйерлер үшін конференц-залда комментаторлық сүйемелдеумен тікелей көрсетілім ұйымдастырылған.

    Алғашқы 2 күнде 7 ойын өтті, оның қорытындысы бойынша ширек финалға шыққан жеңімпаздар анықталды: Алтынсарин ауданының Щербаков жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданының Совхозный жалпы білім беретін мектебі, Лисаков қаласының мектеп-лицейі, Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданының Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қостанай қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі, Қостанай ауданының Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі.

    4 қарашада финал және жартылай финал ойындары өтті. Жартылай финалға Совхозный ЖББМ, Лисаков қаласының мектеп-лицейі, Лисаков қаласының № 6 ЖББМ, Қостанай қаласының №7 ЖББМ өтті.

    Финалдық ойындардың қорытындысы бойынша келесі жеңімпаздар анықталды:

    1 орын - Қостанай қаласының №7 жалпы білім беретін мектебі

    2 орын - Қостанай ауданының Совхозный жалпы білім беретін мектебі

    3 орын - Лисаков қаласының № 6 жалпы білім беретін мектебі

    Жеңімпаздарға диплом, медаль және естелік сыйлықтар, жетекшілерге алғыс хат табыс етілді.