«Жаңа мүмкіндіктер ашамыз – білім беру процесінде STEM-технологияларды қолдану» облыстық семинары

     

    2023 жылдың 24 наурызында ҚОӘББ «Қостанай қаласы білім бөлімінің А.М. Горький атындағы гимназиясы» КММ базасында «Қостанай дарыны» ӨОӘО облыстық семинар өткізді, оның шеңберінде «Жаңа мүмкіндіктер ашамыз білім беру процесінде STEM-технологияларды қолдану» шеберлік сыныбы ұйымдастырылды.

    Қостанай облысының білім беру ұйымдарының жаратылыстану-математика циклі пәндерінің мұғалімдеріне 5Е циклін және инженерлік жобалауды қолдана отырып, зерттей оқытудың теориялық негіздері мен құрылымы ұсынылды.

    Облыстық семинардың спикерлері ретінде математика пәнінің мұғалімі, гимназия директорының орынбасары Блохина Дина Рафаиловна және гимназияның қосымша білім беру педагогы Саканов Серік Мұратұлы баяндама жасады.

    Теориямен танысқаннан кейін, мұғалімдер STEM-ді сабақтарда да, қазіргі мұғалімнің сабақтан тыс жұмыстарында да қолдану мүмкіндіктерін көрсететін бірқатар эксперименттерді өздері жүргізе алды. Мұғалімдерге оқу қызметін ұйымдастыруда заманауи тәсілдерді қолдану бойынша, сондай-ақ оқушылармен оқу, зерттеу, эксперименттік және шығармашылық жобаларды дайындау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

    Спикерлер ұсынған жұмыс нысандары ешкімді бей-жай қалдырмады, өйткені әрбір мұғалім STEM-технологияларды жаңа қырынан қолданудың, өз әлеуетін іске асыру мүмкіндіктерімен (бұл педагогтарды аттестаттаудан өту кезінде көмектеседі), сондай-ақ өз оқушыларының әлеуетін (бұл білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуде өз жемісін беретіні сөзсіз) арттыру әдістерімен танысты.