ТжКБ студенттеріне арналған қашықтық олимпиадалары қорытындысы

    2022 жылғы 28-29 қарашада техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бірінші курс студенттері үшін қашықтан облыстық олимпиадалар ұйымдастырылды.

    Олимпиадалар география, қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша өтті.

    Олимпиадаларға Қостанай облысы колледждерінің 1 610 студенті қатысты, оның 293-і ауылдық жерлерден.

    Қатысушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен олимпиадаға үлкен қызығушылық танытты – 1283 қатысушы және осы пән бойынша тапсырмаларды ең жақсы орындады (486 жүлдегер немесе 37,9 % сапа).

    519 студент олимпиада жүлдегерлері атанды: 4 қатысушы І орын, 302  қатысушы ІІ және 213 қатысушы ІІІ орын алды.

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге «Қостанай дарыны» ӨОӘО дипломдары беріледі.

     

    ИТОГИ