Қостанай облысының педагогтеріне арналған облыстық вебинарлар

Дата:
23.02.2024

«Қостанай дарыны» ӨОӘО жұмыс жоспарына сәйкес 22-23 ақпанда Қостанай облысының педагогтеріне 2 облыстық вебинар өткізілді.

22 ақпанда вебинарды Науырзым ауданының Буревестник жалпы білім беретін мектебінің мұғалімдері өткізді. Вебинардың тақырыбы –«Дарындылық – шығармашылыққа және жасампаздыққа қабілеттілік».

Вебинардың мақсаты: дарынды балалардың проблемалары бойынша тәжірибе алмасу.

Вебинар аясында мектеп психологы Е.С. Ребеко, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.М.Серикова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.В. Макарова, еңбек пәнінің мұғалімі Т.Н. Крячкина баяндама жасады. Мектепте дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесімен директордың м.а. Г.В. Макарова таныстырды. Вебинар спикерлері дарынды балаларды анықтау бойынша өз жұмыстарымен және әдістемелерімен бөлісіп, сабақта және сыныптан тыс уақыттағы жұмыстың қызықты тәсілдері мен түрлерін ұсынды.

23 ақпанда вебинарды Алтынсарин ауданының Ы. Алтынсарин атындағы Обаған жалпы білім беретін мектебінің ұстаздары өткізді. Вебинар тақырыбы – «Оқытуда - цифрлық білім беру ресурстары арқылы әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану. Мұғалімдердің өз тәжірибелерімен бөлісуі». Вебинар мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге арналды.

Вебинардың модераторы мектеп директоры А.Ж. Садықов болды. Вебинар барысында келесі мәселелер қаралды: «Бастауыш сыныптардың қазақ тілі пәнінде цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану» (бастауыш сынып мұғалімі Хабибуллина М.М.), «Информатика, математика сабақтарында цифрлық технологияларды тиімді қолдану» (информатика пәні мұғалімі Нурбеков А.Ж., математика пәні мұғалімі Сәтбаева А.Ғ.), «Химия және биология пәндерін оқытуда цифрлық ресурстарды қолдану мүмкіндіктері» (химия және биология пәні мұғалімдері Бекенбай Ж., Галым А.А.).

Вебинарларға Қостанай облысының 105 мұғалімі қатысты.

Оставить комментарий