Жаратылыстану-математикалық циклы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі

    2020 жылғы 29 қыркүйек күні жаратылыстану-математикалық циклы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға 2019-2020 оқу жылының облыстық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегер оқушылары қатысты.

    Олимпиада математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндерінен болды. Тапсырмаларды 7-8 сынып бағдарламалары бойынша «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы әзірледі. Тапсырмаларды орындауға 40 минуттан (биология бойынша) 3 сағатқа дейін (химия және информатика бойынша) уақыт берілді.

    «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы олимпиадаларды өткізудің ашықтығы және олимпиадалық тапсырмаларды орындаудың сапасы мақсатында бейнетрансляция ұйымдастырды.

    Олимпиадаға Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларынан, Әулиекөл, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қостанай, Сарыкөл, Ұзынкөл, Б.Майлин аудандарынан, сондай-ақ дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 65 оқушы қатысты.

    Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған 24 оқушы анықталып, олар олимпиаданың қорытынды кезеңіне қатысады. Қорытынды кезең ағымдағы жылдың 28 қазанында өтеді.

    Олимпиаданың қорытынды хаттамасы «Қостанай дарыны» ӨҒПО сайтында орналастырылған.

    Призеры обл этапа РЮО