«Проба пера» атты авторлық туындылардың облыстық конкурсының қорытындысы
«Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 15-18 наурызында «Проба пера» авторлық шығармалар конкурсын өткізді. Бұл конкурс Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы мұра» атты облыстық марафоны аясында өтті.
Конкурстың мақсаты: өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу және Қазақстанның тарихы мен дәстүрлерін құрметтеу.
Конкурс жалпы білім беретін және мамандандырылған мектептердің 7-10 сынып оқушылары үшін ұйымдастырылды. Конкурсқа облыстың 16 өңірінен 38 оқушы қатысты.
Қазылар алқасының мүшелері конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде келесі критерийлерді ұстанды: сауаттылық, әдеби нормаға сәйкестік, көркемдік және мазмұндылық (ой, сезім, тәжірибе - көркем образ арқылы көрсетілген); ақындық сауаттылық (мөлшері, ырғағы, ұйқастылығы, әуенділігі болуы); конкурс тақырыбына сәйкестігі, туындының бірегейлігі; материалды жеткізу тереңдігі, логикалық байланыстылығы, композициялылығы және т.б.
Конкурс қорытындысы бойынша 8 оқушының жұмысы атап өтілді, олардың ішінде 2 бірінші, 3 екінші және 3 үшінші орындар. Олар «Қостанай дарыны ӨҒПО грамоталарымен марапатталады.
Ал қатысушылардың жұмыстары марафон қорытындысы бойынша жинаққа енгізіледі.
№ р/р |
Қатысушының аты-жөні |
Өңір, мектеп |
Сынып |
Орын |
1 |
Қабдыхамитов Ерназ
|
Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі, Амангелді ауданы |
10 |
1 |
2 |
Тоққожаев Жамбыл |
Б. Майлин атындағы № 7 мектеп-гимназиясы, Рудный қаласы |
10 |
1 |
3 |
Боранбаева Аруза |
Ы.Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты, Қостанай қаласы |
10 |
2 |
4 |
Шайкамол Жанболат |
Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясы, Арқалық қаласы |
7 |
2 |
5 |
Лосева Дарья |
М. Горький атындағы жалпы білім беретін мектебі, Қарабалық ауданы |
8 |
2 |
6 |
Габдрахманова Фларида |
С. Баймағамбетов атындағы Әулиекөл мектеп-гимназиясы, Әулиекөл ауданы |
10 |
3 |
7 |
Қайржан Бахыт |
Н. Наушабаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қостанай ауданы, |
10 |
3 |
8 |
Орлов Дмитрий |
№ 8 жалпы білім беретін мектебі, Қостанай қаласы |
9 |
3 |