2023 жылғы 30 қазан - 2 қараша аралығында Жезқазған қаласында Қ. Сәтбаев атындағы химия пәнінен республикалық олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты - дарынды балаларды анықтау және қолдау, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, оқушылардың химияны оқуға деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлеріндегі білім беру ұйымдарынан 75 оқушы қатысты.

Қостанай облысының атынан 9-сыныптың үш оқушысы - химия пәнінен облыстық жасөспірімдер олимпиасының жүлдегерлері: Дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернатынан Кадралинов Алибек, Шукенов Саян және «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының оқушысы Абжанова Наргиз қатысты.

Олимпиаданың жүлделі орнын Кадралинов Алибек жеңіп алды. Қостанай облысының қоржынында осы олимпиаданың қола медалі бар.