Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Чтобы помнили...» облыстық қашықтық олимпиадасының қорытындысы

    2020 жылғы 8 және 11 сәуір аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығына арналған «Чтобы помнили...» облыстық қашықтық олимпиадасын өткізді.

    Олимпиада тапсырмалары Ұлы Отан соғысының тарихы бойынша, сондай-ақ қазақстандықтардың соғысқа қатысуы туралы сұрақтарда қамтиды. Олимпиада үш жас санаты бойынша өткізілді: 5-6 сыныптар, 7-8 сыныптар және 9-11 сыныптар.

    5-8 сынып оқушылары үшін 35 сұрақ, 9-11 сынып оқушылары үшін – 40 сұрақ әзірленді.

    Жалпы айтқанда, олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірінен (Амангелді ауданынан басқа) 2934 оқушы қатысты. Қостанай қ. (692 оқушы), Арқалық қ. (334) және Қостанай ауданының (244) оқушылары аса белсенді қатысты.

    Әр жас санаты бойынша жүлдегерлер анықталды. 1009 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 230 оқушы бірінші орынға, 401 – екінші және 378 – үшінші орынға ие болды. Сыныптар алған орындар бойынша:  

    • 5-6 сыныптар арасында: 1 орын – 25 адам, 2 орын – 152 адам, 3 орын – 179 адам;
    • 7-8 сыныптар арасында: 1 орын – 87 адам, 2 орын – 117 адам, 3 орын – 99 адам;
    • 9-11 сыныптар арасында: 1 орын – 118 адам, 2 орын – 132 адам, 3 орын – 100 адам.

    Олимпиаданың қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен Қостанай қаласы (2020 жүлдегер), Қостанай (132 жүлдегер) және Сарыкөл (109 жүлдегер) аудандары

    Барлық қатысушылар сертификат алды, ал жүлдегерлерге дипломдар табысталады.