РФММ жазғы мектебі жұмысын аяқтады

    12 маусымда Жәутіков атындағы республикалық физика-математика мектебінде ұйымдастырылған жазғы мектеп өз жұмысын аяқтады.

    Жазғы мектепке Қостанай облысының 9 өңірінен 7-8 сыныптардың 25 оқушысы қатысты. Балалар математика, физика, информатика және ағылшын тілі пәндерінен білімдерін толықтыра алды. Ал 7 сынып оқушылары РФММ-ке оқуға түсу емтиханын тапсырды.

    Сонымен қатар жазғы мектеп қатысушыларына қызықты экскурсиялық бағдарламалар ұсынылды. Балалар «Медеу» мұз айдынында, Көк-Төбеде, Мемлекеттік мұражай мен Қастеев атындағы өнер мұражайында болды.

    Сабақтар ойын-сауық және спорттық жарыстармен ұштастырылды, онда біздің команда тамаша нәтижелер көрсетіп, естелік кубоктар мен жүлделі орындарды жеңіп алды.

    Балалар жазғы мектептен алған әсерлерімен қуана бөлісті:

    • Жазғы мектеп өте керемет болды. 10-нан 1000000000. Мен көп пайдалы нәрселер алдым. Математика, физика пәндері бойынша білімімді жетілодірдім, тіпті волейбол ойнауды да меңгердім (Сейіл Бейбарыс, Амангелді ауданы).
    • Маған жазғы мектеп қатты ұнады, көп нәрсені үйрендім (Мағауия Айша, Амангелді ауданы).
    • Маған Алматыда, оның ішінде осындай керемет мектепте өткізген уақыт ұнады (Бисембаев Назар, Рудный қ.).
    • Мектеп өте дамыған және интернатта өте жайлы. Мектепте біз күрделі тақырыптар бойынша сабақ алдық. Және сол мектепке емтихан тапсыруға мүмкіндік туды (Бақытжанова Ермегүл, Амангелді ауданы).
    • Мектеп керемет екен және оқушыларға аса жайлы (Бақыт Жанайымов, Жангелдин ауданы).

    Мектеп әрқайсымыз үшін керемет тәжірибе болды. Біз білім алуды басқа қырынан қарастырдық, даму мен өзін-өзі жүзеге асырудың көптеген мүмкіндіктерін көрдік. Онда өткізген уақыттың арқасында біз әлі бәріне қол жеткізе алмағанымызды түсіндік және деңгейді әлдеқайда арттыруға, алдыға жаңа мақсаттар қоюға болатынына көз жеткіздік. Ұсынылған мәдени бағдарлама бізге қаланың барлық қызықты жерлеріне баруға мүмкіндік берді, ал мектептің өзі бізге жаңа таныстар табуға көмектесті. Жалпы, онда өткізген уақыт пайдалы және ұмытылмастай болды (Шумкова Анастасия, Жітіқара ауданы).