«ITSkills» ақпараттық технологиялар фестивалі

     

      

     

    2021 жылдың 26-27 мамыр аралығында «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты базасында «IT Skills» ақпараттық технологиялардың ІІ облыстық фестивалі өтті.

    Фестиваль ұйымдастырушылары: «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы.

    Іс-шараны өткізудің мақсаты білім беруге ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тиімді енгізу, АКТ-құзыреттілігі саласында оқушылардың шығармашылық дамуы, роботты техника мен құрастыру оқу пәні ретінде насихаттау болып табылады.

    Фестивальге облыстың 10 ауданы, 12 команда, 48 қатысушы қатысты. Ашылу салтанатында «Қостанай дарыны» ғылыми - практикалық орталығы директорының орынбасары Ермек Хамзатович Данкенов және мектеп директоры Рамазан Елеусизович Раисов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға жемісті жұмыс, жағымды көңіл-күй, сәттілік тіледі.

    Фестиваль аясында педагогтер мен оқушылар төрт бағыт бойынша оқытылды: «Web-дизайн және өңдеу», «Роботты техника және бағдарламалау», «Графикалық дизайн», «Оқушылардың жобалық қызметі».

    27 мамыр күні Фестиваль қатысушыларын бейіндік сыныптарда оқыту барысында әзірленген шығармашылық жобалар қорғалды. Жобаларды қорғау «ОЗАТ» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының ютуб-арнасында тікелей көрсетілімде өтті.

    Қатысушылар оқу барысында орындаған жобалармен таныстырды, оқудың бірінші күнінде оларға көмек көрсеткен тәлімгерлерге алғыс сөздерін айтты. Білікті қазылар алқасы құрамына кіретін жаратылыстану ғылымдарының магистрі, А Байтұрсынов атындағы ҚӨУ ақпараттық жүйелер және информатика кафедрасының аға оқытушысы Бахтияр Жумалыевич Жарлыкасов, «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы директорының ақпараттандыру жөніндегі орынбасары Ермек Хамзатович Данкенов, ақпараттандыру және білім беру сапасын бағалау орталығының әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Бауыржан Балтабайұлы Мешітбаев - қатысушылардың бір оқу күннің ішінде орындаған жұмыстарының көлемі мен сапасына таңғалды.

    Шығармашылық жобаларды қорғауға қатысу және оқытумен қатар Фестиваль қатысушыларына «Фестивальдің креативті фотосы» және «IT-білім» Web-квест конкурстарына қатысу ұсынылды. «Роботты техника және бағдарламалау» бейіндік сыныбының жұмысы «Сумо күресі» конкурсын өткізумен аяқталды.

    «IT Skills» ақпараттық технологиялар фестивалінің жүлдегерлері

    1 орын - Лисаков қаласы мектеп гимназиясының командасы: Янченко Иван Александрович, Мороз Кирилл, Ергалиев Ертлес, Балтыкбаев Карим;

    2 орын - Қостанай қаласының Максим Горький атындағы гимназиясының командасы: Бармута Александр Иванович, Картавый Кирилл, Аубакирова Ясмин, Жувакова Екатерина;

    3 орын - Лисаков қаласының Балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының командасы: Волошин Сергей Васильевич, Тетеркин Дима, Хищенко Станислав, Платонов Александр.

    • «IT-Skills» ақпараттық технологиялар Фестивалінің креативті суреті» конкурсы

    1 орын - Алтынсарин ауданы, Исенов Нурислам

    2 орын - Алтынсарин ауданы, Марат Әділет

    3 орын - Алтынсарин ауданы, Бермаганбетов Жасмин

    • «Web-квест» IT-білім» конкурсы

    1 орын - Балтыкбаев Карим (Лисаков қаласының мектеп-гимназиясы)

    2 орын - Иманғазы Жанерке (Арқалық қаласы)

    3 орын - Каримжан Диляра (Қамысты ауданы)

    • «СУМО КҮРЕСІ» конкурсы

    1 орын - Ергалиев Ертлес (Лисаков қаласының мектеп гимназиясы)

    2 орын - Попов Василий (Бейімбет Майлин ауданы)

    3 орын - Якуба Сергей (Қостанай ауданы)

    Номинациялар:

    1. Профильдегі үздік «Веб-дизайн және әзірлеу» - Морщакова Виктория (Қостанай қ. №5 орта мектебі)

    2. Профильдегі үздік «Роботты техника және бағдарламалау» - Туребаев Дархан (Рудный қ .)

    3. Профильдегі үздік «Графикалық дизайн» - Асен Бақдәулет (Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты)

    4. «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» номинациясы - Дандыбаев Сагадат Тулегенович, Мырзабек Актоты, Шоканов Нияз.

    Барлық Фестиваль қатысушылары сертификат алды. Жеңімпаздар дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен (құлаққап, пернетақта, флешка, кружка, блокнот) марапатталды.

    Жүлдегерлерді марапаттау демеушілері болып, ағылшын тілі және Step бағдарламалау тілі мектебі сөз сөйледі.