2021 жылғы «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығының дауыс беру қорытындысы

     

      

     

    2019 жылы «Жылдың халық сүйіктісі» Қазақстан ұлттық сыйлығы аясында «Республика-Өңір-Даму» қоғамдық қоры «Жас Өркен» республикалық балалар сыйлығын тағайындады.

    Сыйлықтың негізгі мақсаты: ең дарынды балаларды анықтау және марапаттау арқылы балалар шығармашылығы мен бастамаларын дамытуды ынталандыру. Қостанай облысы осы сыйлыққа белсенді қатысып, лайықты үміткерлер ұсынады.

    2021 жылы дауыс берудің 1 кезеңіне қатысу үшін облыстың 10 өңірі және 2 ДБМ 13 номинация бойынша 107 үміткер ұсынды. Облыстық іріктеу қорытындысы бойынша 12 номинацияға 27 қатысушы ұсынылды.

    Дауыс беру рәсімі екі кезеңде өткізіледі – бірінші кезең – үміткерлерді Facebook желісінде ұсыну, екінші кезең–«Халық сүйіктісі» сайтында дауыс беру.

    Дауыс берудің 1 кезеңіне 11 номинация бойынша 23 оқушы, екінші турда 6 номинация бойынша 7 оқушы қатысты.

    2021 жылы дауыс беру қорытындысы бойынша үш оқушы «Жас зерттеуші», «Жас актер», «Жас ақын» номинациялары бойынша гран-при жеңіп алды, екі оқушы «Жас блогер», «Жас ерікті» номинациялары бойынша лауреат атанды.

     

    2021 жылғысыйлықтыңжеңімпаздары:

    Т.А.

    Аудан, қала

    Номинация

    Нәтиже

    1.  

    Самойленко Арсений

    Дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернаты

    «Жас зерттеуші» /«Юный новатор»

    Гран-при

    1.  

    Жүсіп Әулетбек

    Жангелдин ауданы Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі

    «Жас дарын»/ «Юный актер»

    Гран-при

    1.  

    Әмірхан Бекзат

    Жангелдин ауданы Жармаганбетов атындағы жалпы білім беретін мектебі

    «Жас ақын»/ «Юный оратор, поэт»

    Гран-при

    1.  

    Радченко Валерия

    Қостанай қаласының балалар шығармашылығы мектебі

    «Жас блогер»/ «Юный блогер, видеоблогер»

    Лауреат

    1.  

    Леванова Устинья

    Қарабалық ауданы Тоғызақ жалпы білім беретін мектебі

    «Үздік ерікті»/ «Юный волонтер»

    Лауреат