«Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсы

    Оқушылар ғылыми қоғамының жұмысын ұйымдастырудың үздік тәжірибесін анықтау мақсатында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы 2020 жылғы 27 мамыр күні облыстың жалпы білім беретін мектептері арасында «Оқушылардың үздік мектептік ғылыми қоғамы» облыстық конкурсының 1 (іріктеу) турын  өткізді.

    Конкурс оқушылардың зерттеушілік мінез-құлықтары мен дағдыларын қалыптастыру мен дамытуға, білімді кеңейту мен біріктіруге, оқушыларды белсенді оқу-зерттеу қызметіне тартуға, зерттеу қызметін жүргізе білуді дамытуға, түрлі деңгейдегі конференцияларда, олимпиадаларда өз еңбектерінің нәтижелерін көрсете білуге, дарынды балаларды қолдау мақсатында әлеуметтік әріптестікті кеңейтуге бағытталған.

    Іріктеу турына облыс мектептерінің 22 ғылыми қоғамы қатысты.

    ОҒҚ жұмысын бағалау үшін критерийлері атауы, ұраны, эмблемасы, ОҒҚ жұмысы бойынша нормативтік құжаттардың болуы, соңғы 3 жылдың қалалық/аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі нәтижелілігі және портфолио ресімделуі болды.   

    Әрине, мектептік ғылыми қоғамдарының портфолиосын бағалаудың негізгі критерийлері оқушылардың аудандық/қалалық, облыстық және республикалық ғылыми жобалар конкурстарындағы жетістіктері болды.

    1 турдың қорытындысы бойынша 2 (күндізгі) турға мына ғылыми коғамдар өтті:  

    өңір

    мектеп

    ОҒҚ атауы

    1.  

    Қостанай қ.

    №24 мектеп-гимназиясы

    «Дарын»

    1.  

    Рудный қ.

     

    Б. Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы

    «Дарын»

    1.  

    Қостанай қ.

    М. Қозыбаев атындағы №23 орта мектебі

    «Эрудит»

    1.  

    Қостанай қ.

    №18 мектеп-гимназиясы

    «Поиск»

    1.  

    Сарыкөл ауданы

    Урицкий мектеп-лицейі

    «Поиск»

    1.  

    Рудный қ.

    №4 мектеп-лицейі

    «Академия школьных наук»

    1.  

    Жітіқара ауданы

    гимназия

    «Болашақ»

    1.  

    Сарыкөл ауданы

    Тимирязев орта мектебі

    «Эврика»

    1.  

    Қостанай ауданы

    Тобыл қ. Н. Наушабаев атындағы гимназиясы

    «Ізденіс»

    1.  

    Фёдоров ауданы

    М. Мәметова атындағы №4 орта мектебі

    «Олимп»

    «ОҒҚ бейнесі: болашақ мүмкіндіктері» 2 турын өткізу 2020 жылдың қыркүйек айында жоспарлануда. Командалар ОҒҚ жұмысы бойынша мастер-класстар ұсынады.