Оқушылар мен мұғалімдерге арналған вебинарлар
Ағымдағы жылдың 30 қарашасы мен 4 желтоқсаны аралығында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарымен бірлесіп, Қостанай облысы білім беру ұйымдарының оқушылары мен педагогтары үшін _____ вебинар өткізді.
30 қарашада «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты директорының орынбасары И.С. Храмей педагогтар үшін «Мектептің оқу үдерісінде қашықтықтан оқыту жүйесін ұйымдастыру» атты вебинар өткізді. Ирина Сергеевна «Озат» мектебінде қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті, педагогтар қолданатын әрбір платформаның артықшылықтары мен кемшіліктерін айтты. Мектеп мұғалімдері: химия пәнінің мұғалімі К.А. Нугуманова және информатика пәнінің мұғалімі А.А. Иващенко - өз сабақтарында осы платформаларды пайдалануды және олардың мүмкіндіктерін көрсетті, өз сабақтарында қолданатын ресурстармен бөлісті. Вебинар қатысушылармен көптеген сұрақтар қойылды, оларға толық және жан-жақты жауап берілді.
2 желтоқсан «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты директорының орынбасары, тарих пәнінің мұғалімі Ж.Ж. Айдархан «Қазақстандағы ұлттық автономиялар» тақырыбы бойынша тарих сабағын өткізді. Сабақ мемлекеттік тілде оқытатын мектептерге арналған. Мұғалім интерактивті түрде сабақтың тақырыбын егжей-тегжейлі ашып, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға қызықты және танымдық тапсырмалар ұсынды.
3 желтоқсан дарынды балаларға арналған Білім-Инновация лицей-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі И.В. Сидлецкая облыс педагогтарын Getclass білім беру платформасымен таныстырды. Бұл платформа оқушылардың ағылшын тілін үйренуіне жақсы көмекші ретінде, ал мұғалімдер үшін - сабақтарда қолдануға болатын әдістемелік материалдардың жақсы базасы бола алады. Бұл платформадағы тапсырмалар көп деңгейлі, сыныптың немесе нақты оқушының дайындық деңгейі бойынша қамтылған. Педагог осы платформаның барлық мүмкіндіктерімен және оны пайдалану ерекшеліктерімен таныстырды.
4 желтоқсан «Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру үшін оқытудың белсенді әдістерін пайдалану» атты вебинары өтті. Вебинар модераторы - Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. С.Т. Аймұхамедова. Облыс педагогтары үшін ағылшын тілі сабақтарында әр түрлі белсенді жұмыс әдістері ұсынылған, қашықтықтан оқыту кезеңінде педагог қолданатын платформалары берілген.
Өткізілген вебинарлар мен сабақтарға Қостанай облысы білім беру ұйымдарының 504 педагогтары мен оқушылары қатысты.
Сабақтың барлық материалдарын «Қостанай дарыны» ӨҒПО арнасынан көруге болады.