2023 жылғы 10 қарашада Қостанай облысыныңөңірлеріндеЛингвистикадан республикалық олимпиаданың 1 (аудандық/қалалық) кезеңі өтті.
Олимпиадаға Қостанай облысының 18 өңірінің 172 білім беру ұйымынан 679 оқушы қатысты. Оның ішінде 133 мектептен 433 қатысушы – ауыл оқушылары.
Қатысушыларға 3 сағат ішінде науатль, эфик, португал және испан тілдерінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 3 тапсырманы шешу ұсынылды.
Науатль – юто-ацтектер отбасы тілі, бұл тілде Мексика мен оған көршіелдердің шамамен 1,7 миллион тұрғыны сөйлейді. Науатль тілінен авокадо, гуакамоле, чили, какао, шоколад, койот, оцелот және томат сияқты сөздершыққан.
Эфик тілі атлантикалық-конголездік отбасының төменгі кросс тармағына жатады. Бұл тілде Нигерияның Кросс-Ривер штатында шамамен 2 000 000 адам сөйлейді.
Португал және испантілдері – Пиреней түбегінде пайда болған жақын туысқан роман тілдері және қазірәлемнің әртүрлі елдеріндежүздеген миллион адамдар сөйлейді. Тапсырмада португал тілі үшін Рио-де-Жанейро диалектісі және испан тілі үшін Пуэрто-Рико диалектісі пайдаланылды. Аталғандиалектілеркөршілесаймақтардың басқа португал және испан диалектілерінен айтарлықтай ерекшеленеді, өйткені Пуэрто-Рикода да, Рио-де-Жанейрода да порт бар. Порттыңсаудаорталығыболып табылуыдиалектілердің бүгінгі күнгедейінқалайкөрініс табатынына әсеретті.
Облыстық кезеңге 35 жеңімпаз бен жүлдегерлер жолдама алды. Олимпиаданың облыстық кезеңі а.ж. 28 қарашадаөтеді.