Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне арналған әдістемелік семинар
«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 28 наурызда «Федоров ауданы білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында Федоров және Қарабалық аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша дарынды балалармен жұмыстағы заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында әдістемелік семинар өткізді.
32 педагог қатысқан семинар жұмысында Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.М. Тасанова мен Қостанай қ. № 18 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Д. Сергазинаның жұмыс тәжірибесі таныстырылды.
Гүлмира Мұхамеджанқызы оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесімен бөлісті, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтау мен дамытудың негізгі нысандарын ұсынды. Тыңдаушылар қазақ тілі мен әдебиеті сабағындағы «Төңкерілген сынып» технологиясын тиімді қолдану тәсілдерімен танысты.
Зейнегуль Джумадиловна навигацияны жетілдіру және трендтік әдістермен тәжірибе алмасу мақсатында оқу сауаттылығына бағытталған тапсырмалар мен заманауи әдістермен таныстырды.
Тыңдаушылар «Тагѕіа», «Wort art», «Wort woll», «Flipperty net» және басқа да заманауи оқу ресурстарымен танысты.
Жұмыс тәжірибелерін ұсынғандары үшін мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз.