Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы

    2022 жылғы 12 мамырда Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

                Олимпиаданың негізгі мақсаты оқушыларды олимпиадалық қозғалысқа ерте тарту, оқылатын пәнге қызығушылығын ынталандыру болды.

                Олимпиаданың республикалық кезеңіне Облыстық жасөспірімдер олимпиадаларында жүлделі орындарға ие болған оқушылар қатысты.

                Қостанай облысынан 2021-2022 оқу жылындағы Облыстық жасөспірімдер олимпиадалары жеңімпаздары мен жүлдегерлерінен құралған 6 қатысушыдан тұратын команда қатысты, оның 2-уі жүлделі орындарға ие болды. Екі қатысушы грамотамен марапатталды.

     

    Қатысушының ТА

    Мектеп атауы

    Пән

    Орын

    1

    Петровский Глеб

    Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты

    физика

    II

    2

    Красильников Илья

    Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты

    биология

    III

    3

    Саматов Алихан

    Дарынды балаларға арналған БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ лицей-интернаты

    математика

    грамота

    4

    Коба Никита

    М. Қозыбаев атындағы 23 жалпы білім беретін мектеп

    математика

    грамота

    Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының жүлдегерлерін құттықтаймыз және табыстар тілейміз!