Қостанай облысының педагогтеріне арналған облыстық вебинарлар
2023 жылғы 17-24 мамыр аралығында Қостанай облысының педагогтері дарынды балалармен жұмыс бойынша бірқатар облыстық вебинарлар өткізді.
Вебинарларды Денисов, Жангелдин, Қамысты және Б.Майлин аудандарының педагогтері өткізді. Вебинарлардың мақсаты: сабақта және одан тыс уақытта дарынды оқушылармен жұмыс бойынша өзара педагогикалық тәжірибе алмасу.
Ұжымдардың әрқайсысы дарынды балалармен жұмыс істеу мәселелерін өзінше ашуға тырысты.
17 мамырда Денисов ауданының Перелески жалпы білім беретін мектебінің педагогтері «Дарынды балалармен жұмыс мектептегі білім сапасын арттыру факторы ретінде» тақырыбында өз тәжірибелерімен бөлісіп, вебинар мен тыңдаушыларды жұмысқа белсенді тарта отырып, өз мектебінде балалармен жұмыс жасаудың нысандары мен әдістері туралы баяндады.
18 мамырда Жангелдин ауданының Қаратүбек жалпы білім беретін мектебінің ұжымы дарынды балалармен жұмыстың тәрбиелік аспектісіне және ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеуге көңіл бөлді.
23 мамырдаБ. Майлин ауданының Б. Майлин атындағы жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы «Ддарынды балалар және олармен педагогикалық жұмыстың ерекшеліктері» тақырыбы бойынша педагогикалық конструктор форматында вебинар өткізді, онда мектепте дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша негізгі бағыттар мен идеялармен бөлісті.
24 мамырда вебинарды Қамысты ауданының Қарабатыр жалпы білім беретін мектебінің педагогтері өткізді. Вебинардың тақырыбы «Мектептің оқу-тәрбие жұмысында цифрландыру арқылы оқушылардың дарындылық принциптері» болды. Вебинар аясында сөз сөйлеген спикерлер сабақтарда және сабақтан тыс уақытта пайдаланылатын бұрыннан белгілі және сүйікті онлайн платформалардың жаңа мүмкіндіктері туралы айтып берді, сондай-ақ география, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, физика сабақтарында пайдалануға арналған жаңа цифрлық ресурстар мен тапсырмалар түрлерімен таныстырды.
Вебинарға Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 129 педагогі қатысты. Бейне вебинарларды «Қостанай дарыны» ӨОӘО-ның арнасынан төмендегі сілтеме арқылы қарай аласыз: https://www.youtube.com/channel/UCO1qP9cEQ23yWDWbBRMNBSQ.