«2-4 сынып оқушыларын шахмат ойынына оқыту әдістемесі» мастер-класы

    Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 13 ақпанда облыстың қосымша білім беру мектептерінің педагогтары үшін «2-4 сынып оқушыларын шахмат ойынына оқыту әдістемесі» мастер-класы өтті.

    Мастер-класқа Амангелді, Қостанай, Сарыкөл, Ұзынкөл, Федоров аудандарынан, Қостанай, Рудный қалаларынан 16 педагог қатысты.

    Мастер-класты шахмат жаттықтырушысы, халықаралық төреші Евгений Сергеевич Метелено жүргізді.

    Метелено Е.С. тыңдаушыларға бастауыш буын оқушыларын шахмат ойынына оқыту үшін қажетті әдістемелік материалдар (оқулықтар, бағдарлама және т.б.) ұсынды.

    Мастер-класс қатысушылары «Қостанай дарыны» сертификаттарын алды.