«Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы 2023 жылдың 08 қарашасында «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғаббас Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ базасында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты көшпелі семинар өткізді. Семинарға Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарынан 22 педагог қатысты.

Семинар жаттықтырушысы Клышева Динара Шакировна, Қостанай қаласындағы М.Горький атындағы гимназияның математика пәнінің мұғалімі, қатысушылармен бірге республикалық олимпиаданың тапсырмалары мен аса күрделі есептердің шешу жолдарын қарастырды.

Барлық тыңдаушыларға сертификаттар табысталды.