Облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинарлар
2022 жылғы 18 және 22 қарашада балалардың дарындылығын дамыту мәселелері бойынша облыс педагогтеріне арналған облыстық вебинарлар өткізілді.
18 қарашада «Қазіргі мектеп жағдайында дарынды білім алушылармен жұмыс жүйесі» атты облыстық вебинарды Қамысты ауданының Краснооктябрь жалпы білім беретін мектебінің педагогикалық ұжымы өткізді. Мектеп педагогтары – Лефранк Н.А., Аманбаева О.В., Дарчиева М.В., Абеуова Г.К. – жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, өз баяндамаларында биология сабақтарындағы олимпиадаларға дайындық кезінде қандай әдістер мен тәсілдер қолданылатынын, физика сабақтарындағы жұмыстың стандартты емес түрлері туралы, бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс кезіндегі жобалар әдісі туралы айтып берді. Сонымен қатар мұғалімдер дарынды балалармен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар айтып, пайдалы ресурстармен бөлісті.
22 қарашада «Дарынды оқушылардың қабілетін дамыту жолдары» вебинарын Жангелдин ауданының Ш. Уәлиханов атындағы Торғай жалпы білім беретін мектебі өткізді. Осы мектептің биология пәнінің мұғалімі Р.К. Смайлова өзінің дарынды балалармен жұмыс жүйесі, жұмыс түрлері мен әдістері туралы айтып, дарынды балалармен сыныптан тыс жұмыс бойынша өз идеяларын ұсынды.
Вебинар жұмысына Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 116 педагогі қатысты.
Вебинарлардың бейнежазбасын мына арнадан қарауға болады: