«Спорттық бағдарламалау бойынша олимпиадаға дайындық» вебинары

    2021 жылдың қаңтар айында спорттық бағдарламалау бойынша II олимпиадасы өтеді. Осы олимпиадаға дайындалу мақсатында 2020 жылдың 14 желтоқсанында «Қостанай дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы және «Озат» ақпараттық технологиялардың мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты спорттық бағдарламалаумен айналысатын оқушылар мен педагогтарға вебинар өткізді.

    «Озат» мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Иващенко Андрей Александрович олимпиаданың қалай өткізілетіні, олимпиадаға дайындық кезінде не нәрсеге назар аудару, осы олимпиадада сапалы өнер көрсету үшін нені ескеру қажет екендігі туралы қолжетімді түрде айтып берді.

    Спорттық бағдарламалау бойынша I олимпиада 2020 жылдың наурыз-сәуір айларында өткізілген болатын. Олимпиадаға республикамыздың 11 өңірінен келген 5-6 сыныптың 192 оқушылары қатысты. 25 қатысушылары олимпиаданың финалистері атанды, жүлделі орындар ойнатылды. 2021 жылы олимпиаданың барлық кезеңдері қаңтар-ақпан айдарында өтеді.

    Вебинар жұмысына Қостанай облысының білім беру ұйымдарының 85 оқушылары мен педагогтары қатысты.

    Вебинар материалдары «Қостанай дарыны»  ӨҒПО арнасында қолжетімді.