Қостанайда халықаралық олимпиадалар мен жобалар конкурстарының жүлдегерлері марапатталды

     

    Халықаралық балаларды қорғау күні Қостанай қаласының орталығында халықаралық олимпиадалар, конкурстар мен спорттық жарыстардың жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

    Қостанай. Рудный, Лисаков қалалары, Қарабалық ауданы және үш мамандандырылған білім беру ұйымдарының 15 оқушысы халықаралық деңгейдегі жетістіктері үшін Қостанай облысы әкімінің орынбасары Р.З. Мұхаметқалиевтың қолынан 100 000-нан 700 000 теңгеге дейінгі сыйлық ақы сертификаттарын алды.

    Жыл бойы оқушылар пәндік олимпиадаларға қатысты, өз жобаларын дайындап, ұсынды, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық жарыстарда облыс пен елдің намысын қорғады.

    Балалардың ата-аналары мен тәлімгерлеріне, олардың аяулы алақаны мен қолдауы, еңбегі, шыдамдылығы мен табандылығы үшін алғыс хаттар табысталды.

    Математика пәні бойынша олимпиадалардағы жетістіктері үшін «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Даутов Жан 700 000 теңгеге сертификатпен марапатталды. Жанның жеңістері біздің облысымыздың беделін республика деңгейінде ғана емес, одан тыс жерлердеде асқақ татты. Оның жеңістері арқасында біздің облысымыздың математика бойынша жетістіктерінің тізімі үш жыл қатарынан толықтырылып келеді. Оған ағымдағы жыл да қосылады.

    Еліміздің дамуына қосқан үлесі үшін балаларға да, ата-аналарға да, мұғалімдерге де алғыс айтуға мүмкіндік беретін мұндай рәсімдердің жақсы дәстүрге айналғаны қуантады.

    Барлық балаларды, ата-аналар мен ұстаздарды лайықты марапаттарымен құттықтаймыз!