Математикадан республикалық оқу семинары

    Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығы а.ж. 20-22 қарашасында Щучинск қаласында (Ақмола облысы) Орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжінің базасында «Математикадан олимпиадалық есептерді шешудің әдістері мен тәсілдері» атты республикалық оқу семинарын өткізді.  Оқу семинарына Қазақстанның түкпір-түкпірінен 160-тан астам математика мұғалімдері қатысты.

    Семинардың негізгі мақсаты - математика пәні бойынша оқушылардың олимпиадаларға сапалы дайындығын қамтамасыз ету бойынша педагогикалық практиканы дамытуға ықпал ететін педагогтердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру.

    Қостанай облысынан семинар жұмысына «Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің М. Горький атындағы гимназиясы» КММ математика пәнінің мұғалімі Клышева Динара Шакировна қатысты.

    Семинарға қатысушылар математикалық олимпиадалардың есептерін және мектеп бағдарламасындағы күрделі логикалық тапсырмаларды шешудің тиімді әдіс-тәсілдерін талқылады.

    Сонымен қатар оқу семинары аясында қатысушылар «Олимп шыңы» республикалық пәндік олимпиадасына қатысты. Олимпиада қорытындысы бойынша Динара Шакировна Клышева Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің «ДАРЫН» республикалық ғылыми-практикалық орталығының грамотасымен марапатталды.