2023 жылғы 27 қазанда А. Байтұрсыноватындағы Қостанай өңірлік университетінің Ө.Сұлтанғазин атындағы педагогикалық институтының базасында7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңі өтті.
Бұл олимпиада National Geographic журналының қолдауымен өткізіледі.
National Geographic Qazaqstan журналы-Қазақстанда таратылатын әлемге әйгілі National Geographic журналының қазақ тіліндегі басылымы. Журналдың алғашқы саны 2016 жылдың ақпанында шықты. Осылайша, қазақ тілі әлемнің 80-нен астам елінде таратылатын National Geographic журналының қауымдастығында 38-ші тілге айналды. Журнал адамзат өркениетінің өзекті мәселесінен ежелгі тарихқа, тұмса табиғатынан географияға, археологияға, тарихқа, биологияға, астрономияға және т.б. дейінгі көптеген ғылыми салаларды қамтиды.
Олимпиаданың мақсаты-үздік әлемдік білім беру практикалары арқылы оқушылардың зерттеу қызметін дамытуға баса назар аудара отырып, пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылықты арттыру.
Олимпиадаға қатысушылар 2 кезеңде тапсырмаларды орындауы керек болды: теориялық (тест) және практикалық (жазбаша).
Теориялық кезеңнің ерекшеліктері: тапсырмалар елдердің бейнелері мен географиялық объектілерді, құбылыстар мен процестерді білуге 5 жауап беретін тест сұрақтарынан тұрды. Тест тапсырмалары фотосуреттер, карталар мен кестелер, статистикалық материалдарды қолданатын классикалық сұрақтардан тұрды.
Практикалық кезеңнің ерекшеліктері: жазбаша турға 5-6 секция – тақырыптық түрде біріктірілген тапсырмалар тобы кірді. Әр бөлімде әртүрлі деңгейдегі сұрақтар болды және олар сұраққа жауап беру үшін әр түрлі дағдыларды қажет етеді.
Олимпиадаға облыстың 19 өңіріненжәне дарынды балаларға арналған 3 мамандандырылған білім беру ұйымынан 7-8 сыныптардың 78 оқушысы қатысты.
34 оқушы олимпиада жүлдегерлері атанды, оның ішінде 4 оқушы І орын, 13 оқушы ІІ орын және 17 оқушы ІІІ орын алды.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары облысымыздың намысын республикалық деңгейде қорғайтын болады.