Оқушыларды олимпиадаларға дайындау бойынша оқыту семинарлары

     

      

     Дарынды оқушылармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру және оқушыларды олимпиадаларға сапалы дайындауды қамтамасыз ету мақсатында «Қостанай дарыны» ӨҒПО жаратылыстану-математика бағытындағы ауылдық жерлердегі педагогтар үшін семинарлар циклін өткізеді. Екінші семинарға Жітіқара, Денисов және Қамысты аудандарының 84 математика және география мұғалімдері онлайн қатысты.

    Тренерлер ретінде Қостанай қаласы №23 орта мектебінің жоғары санатты мұғалімі Калинина Татьяна Юрьевна, («География» пәні) және Қостанай қаласы М.Горький атындағы гимназиясының жоғары санатты мұғалімі, педагог-зерттеушісі Клышева Динара Шакировна («Математика» пәні) қатысты. Татьяна Юрьевна мен Динара Шакировнаның оқушылары зияткерлік жарыстарда жыл сайын жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан табылады.

    Семинардың мазмұны республикалық олимпиаданың және мектеп бағдарламасынан күрделілігі жоғары тапсырмаларды шешуге бағытталған.

    Оқыту семинарының соңында тыңдаушылар «Қостанай дарыны» ӨҒПО сертификаттарын алды.