7-10 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтық пәндік олимпиадаларының қорытындысы

Дата:
16.01.2020

2019 жылға арналған 7-10 сынып оқушыларына арналған облыстық қашықтық пәндік олимпиадалар қорытындысы шығарылды. Олимпиада мектеп бағдарламасының 9 пәні бойынша жүргізілді: орыс тілі мен әдебиеті, математика, физика, химия, биология қазақ тілі мен әдебиеті, география, Қазақстан тарихы және ағылшын тілі.

2019 жылы қашықтық олимпиадаға Қостанай облысының барлық өңірлерінен 3363 оқушы қатысты. Олимпиаданың ең белсенді қатысушылары Қостанай ауданының (742 адам), Бейімбет Майлин ауданының (426 адам) және Рудный қаласының (678 адам) оқушылары болды.

1083 оқушы жүлдегер атанды, оның ішінде 134  бірінші орынды, 380 оқушы екінші орынды және 569 оқушы үшінші орынды иеленді.

Жыл сайын қашықтық олимпиадалар қорытындысы бойынша ең жақсы нәтиже көрсеткен үздік мектептер анықталады. Осы жылы Қостанай, Жітіқара аудандарынан, Бейімбет Майлин ауданынан және  Рудный қаласынан 9 мектеп үздік атанды.

Өңір

Мектеп

Жүлдегерлер саны

% сапа

1

Рудный

№ 10 мектеп-гимназиясы

87

56,5

2

Қостанай ауданы

Надеждин орта мектебі

31

50,8

3

Қостанай ауданы

Владимиров орта мектебі

27

69,2

4

Жітіқара ауданы

Гимназия

27

58,7

5

Б. Майлин ауданы

Тобыл  орта мектебі 

24

45,3

6

Қостанай ауданы

Затобол  мектеп-гимназиясы   

24

41,4

7

Рудный

№ 4 мектеп-лицейі

23

65,7

8

Рудный

№ 5 гимназиясы

21

47,7

9

Рудный

№ 19 орта мектебі

21

28

2019 жылғы пәндік олимпиадаларға белсенді қатысқаны үшін Қостанай ауданының, Бейімбет Майлин ауданының және Рудный қаласының білім бөлімдері естелік дипломдармен, ал үздік мектептер – естелік мүсіншелермен марапатталады.

Оставить комментарий